Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оған мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оған мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру

Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің жобасы аясында Сырдария Нұрдария қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында және аудан тұрғындарын интернет алаяқтардан қорғау мақсатында құрылған аудандық ақпараттық насихаттау тобы елді мекендерде болып кездесулер, дөңгелек үстелдер және жеке қабылдаулар өткізді.

Ақпараттық насихаттық топтың құрамында "Әділет" партиясының аудандық филиалының төрағасы Ақтөре Ибрагимұлы, аудан прокуратурасының прокуроры Арман Жұмашев, аудандық полиция бөлімінің жедел өкілі полиция аға лейтенанты Сәруар Әнуар, адвокат - заңгер Сақтағанов Ғабит, Халық Банкі Сырдария аудандық филиалының басқарма басшысы Асылбек Палымбетов және ҮЕҰ өкілдері болды.
16 қазан 2026 ж. 74 0