Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕЛЕШЕККЕ ҚҰЙЫЛҒАН ИГІЛІКТІ ИНВЕСТИЦИЯ

КЕЛЕШЕККЕ ҚҰЙЫЛҒАН ИГІЛІКТІ ИНВЕСТИЦИЯ


Елбасының «Болашақ­қа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақаласы аясында жүзе­ге асқан 100 жа­ңа оқу­лық жобасы әлем жау­һарларын өз тіліміз­де оқуға мүм­кіндік туғы­зады. Әлеу­меттік-гума­ни­тар­лық салаға сер­пін бе­ретін оқулық бар жа­ғынан қол же­тім­ді­лігімен тиімді. Кә­сіби маман даярлауда озық үлгі­дегі ғылыми про­цес­терге жол ашатын оқулықтар шетел тә­­жі­рибесінен құралған. Не­­гі­зінен, ауқымы кең жо­ба болашақ ұрпақты қа­лып­­тастыруға таптырмас тың бас­тама. Өйткені, ке­ле­шек түр­лі сала мамандарына талап күшейіп, озық үлгідегі сапалы қызмет түрлері ұсынылады. Мұндайда өміршеңдігімен дараланатын ғылыми әдебиеттерге терең бойлау болашақ үшін нақты қадам болып табылады. Аталған оқулықтар прагматизм мен бәсекеге қабілеттікті жетілдіретін қайталанбас мол мұралар тізбегіне кіреді. Жалпы алғанда әлеуметтік саланың бойына қан жүгіріп, білімді, білікті мамандар шоғыры сан алуан өзгеріске бейімделеді. Ал, гуманитарлық бағытта көтерілген мәселе төңірегінде айқын жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
Аталмыш жоба артықшылығы Отандық ғалымдар өз тәжірибесіне шетелдік зерттеулерді салыстырмалы түрде енгізіп, жас ұрпаққа жаңа мазмұндылығы жоғары білімді бойларына сіңіреді. Қарқынды дамыған әлем державалары күнде бір жаңалық ашуға әуес келеді. Дамушы мемлекет ретінде мамандар тәжірибесін арттыру, мүмкіншілігіне қарай сауаттылығын жоғарылатуда 100 жетекші оқулықтың пайдасы ескеріледі. Бұл орайда бүгінгі жастар ғылымға машықтанып, сөредегі келешегі кемел оқулықты қолына алса құптарлық жағдай. Қоғамды техника жайлаған заманда кітап құндылығын түсірмеу қажет. Тегіннен-тегін қиырдағы ағайынның мол мұрасын аударуға күш салынып жатқан жоқ. Бұның барлығы келешекке құйылған инвестиция деп алсақ, ертеңгі күні келер ұрпақ пайдасын елдің дамуына, өсіп-өркендеуіне жұмсайды.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
12 шілде 2018 ж. 679 0