Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТКЕ БЕТБҰРЫС

ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТКЕ БЕТБҰРЫС


Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бірқатар бағдарлам ұсынды. Соның ішінде былтыр «100 жаңа есім» жобасы іске асып, елімізде білім мен ғылымда, спорт пен өнерде т.б. жоғары жетістіктерге жеткендердің есімі анықталып, жарияланды. Биыл «100 жаңа оқулық» бағдарламасының алғашқы кезеңі бас­талып, 18 оқулықтың таныстырылымы өтті. Бұл оқулықтар – әлемдегі ең таңдаулы, жастардың дүниетанымын байытатын үздік оқулықтар. Түпнұсқадан қазақ тіліне аударылған оқулықтар қазақ тілін дамытып, өркениетке бетбұруының көрінісі іспетті.
Мемлекет басшысы таныстырылым кезіндегі өз сөзінде: – «Рухани жаңғыру бағдарламасы жастарымыздың болашағы үшін іске асырылуда. Осы орайда, өскелең ұрпақтың оны жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысқаны аса маңызды. Біз бүгін тәуелсіздік жылдары қалыптасқан ғылыми-кадрлық әлеуетіміздің зор екеніне тағы да көз жеткіздік, – деді.
Биылғы жылдың соңына дейін 30 кітаптың сапалы аударылуын, жоспарлы түрде өз мерзімінде орындалуын тапсырды. Гуманитарлық бағытта, психологиялық танымды кеңейтетін оқулықтардың қатарында Гарвард, Оксфорд, Кэмбридж университеттерінде қолданылатын кітаптар енген. Көпшілікке қол жетімді электрондық нұсқада оқуға болатын кітаптар арқылы адамдардың өмірге деген көзқарасын өзгертуге, дүниетанымын кеңейтуге, өзін-өзі дамытуға болады. «100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген алғашкы кітаптардың арасында тіл біліміне, экономика, әлеуметтану, т.б. арналғандары бар.
Санамызға сілкініс әкелген рухани жаңғыру ұғымы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, танып-білуге ықпал етеді. Жақсы бас­тамадан заман талабына сай білім алып, жастардың болашағына игі ықпалы тимек.

Бибісара ЖАНӘЛІ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
17 сәуір 2018 ж. 1 794 0