Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ДҮНИЕТАНЫМ ЖӨНІНДЕГІ 100 КІТАП

ДҮНИЕТАНЫМ ЖӨНІНДЕГІ 100 КІТАП


Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Гума­нитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыруды тапсырды. Мұнда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әр түрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау міндеті тұр. Бұл дегеніміз, бір жағынан, білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау болса, екінші жағынан, жастардың таным-түсінігін молайтып, гуманитарлық салаға деген қызығушылықтары ұлғаяды. Нәтижесінде, кейінгі толқын кез келген мәселеде кең масштабта ойланып, әлемдік тәжірибелерді қолдану үрдісін үйренеді. Ол мемлекеттің қарқынды дамуына септігін тигізеді, ел тірегі – жастардың білімін артуына мол мүмкіндік береді.
Ел Президенті бұл жобаның қазіргі таңда маңызы зор екенін атап өтті. Яғни, дүниетаным жөніндегі 100 кітап ғылым саласының, адамның ой-өрісінің дамуына үлкен ықпал жасайды. Қазіргі таңда алғашқы 18 кітап пен оқу құралы жарыққа шыққан. Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менедж­мент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған. Өзге бағыттардағы қалған кітаптар толық аударылғанда еліміз зор жетістіктерге жететіні сөзсіз. Сондықтан аталмыш жоба болашаққа бағдар көрсетумен қатар алдағы рухани дамуымыздың өзегіне айналарына сенім мол.

Г.ӘБДІРӘСІЛОВА,
ардагер-ұстаз
17 сәуір 2018 ж. 3 254 0