Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдарияда тұрғындар референдумға белсенді қатысуда

Сырдарияда тұрғындар референдумға белсенді қатысуда

Сырдария ауданында өтіп жатқан республикалық референдумға тұрғындардың қызығушылығы мен белсенділігі айқын көрініс табуда. Ауылдық округтер мен кентте азаматтар дауыс беру орындарына келіп, өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Мұндай белсенділік аудан халқының қоғамдық іс-шараларға жауапкершілікпен қарайтынын айқын дәлелдейді.

Қазіргі таңда Сырдария ауданы, №155 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген тәртіп бойынша жүргізілуде. Видеороликтер БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланып, тұрғындардың назарын аудару арқылы сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығы көрсетілуде. Аудан тұрғындары үшін барлық жағдай жасалып, дауыс беруге келген әрбір азаматқа ыңғайлы жағдай қамтамасыз етілуде.

– Әрбір сайлаушы өз таңдауын қауіпсіз және ыңғайлы орындауы тиіс. Біз тұрғындарға барлық ақпаратты уақытылы жеткізіп, дауыс беру барысын қадағалап отырмыз. Қажет болған жағдайда кез келген сұраққа жедел жауап беруге дайынбыз, – дейді №155 сайлау учаскесінің төрағасы Мырзабекова Гүлзада.
Сонымен қатар, дауыс беру орындарында мерекелік көңіл-күй қалыптастыру үшін «Бауырсақ party» ұйымдастырылып, тұрғындарға бауырсақ пен ұлттық тағамдар ұсынылды. Ұлттық ойындар ойнатылып, алтыбақан мен қол күрес сияқты дәстүрлі сайыстар өткізілді. Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындарға қолжетімді бағамен өнімдер ұсыныл
15 наурыз 2026 ж. 52 0