Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Барлық референдум учаскелерінде алғашқы дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар берілуде

Барлық референдум учаскелерінде алғашқы дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар берілуде

Аудан тұрғындары маңызды саяси науқан – республикалық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Таңсәріден бастап дауыс беру учаскелеріне ағылған тұрғындардың қарасы қалың. Учаскеге ең алғаш болып келген азаматтарды комиссия мүшелері арнайы қарсы алып, оларға естелік сыйлықтар табыстады. Мұндай шара тұрғындардың саяси белсенділігін арттыруға және ел өміріндегі маңызды шешімдерге бейжай қарамай, азаматтық ұстанымдарын білдіруге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. Ерте келіп дауыс берген тұрғындар бұл бастамаға ризашылықтарын білдіріп, ел болашағына қатысты маңызды мәселеде өз пікірлерін білдіру әр азаматтың борышы екенін атап өтті.
15 наурыз 2026 ж. 70 0