Жетікөл ауылында референдумға келген белсенді жастар арасында спорттық сайыс өткізілді
Бүгін Жетікөл ауылында тұрғындардың белсенділігін арттыру мақсатында қол күрес жарысы ұйымдастырылды.Жарысқа қатысушылар өз күштерін сынап, көрермендерге қызықты сәттер сыйлады. Мұндай іс-шаралар сайлау учаскесінде мерекелік көңіл күй қалыптастырып, тұрғындардың бірлігін нығайта түсті.










