Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауладағы балғындар бақытқа бөленді

Ауладағы балғындар бақытқа бөленді

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұсынысына сәйкес 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Қоғалыкөл ауылында жастар мен жасөспірімдердің қатысуымен «Aula sport» эстафеталық және спорттық сайыстар ұйымдастырылды.

Мақсат – ауладағы жастар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Аталған шара 2 спорттық және 5 эстафеталық сайыс түрлерінен өткізілді. Барлығы 60-қа тарта жастар мен жасөспірімдер қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде керемет әсер алды.

Сайыстар қорытындысы бойынша жеңімпаздарға «Қоғалыкөл» шаруа қожалығының қаржылай сыйлықтары мен ауыл әкімінің арнайы алғыс хатын аудандық мәслихат депутаты Динара Ибадуллаева мен ауылдық округі әкімі аппаратының әдіскері А.Омаров табыстады.

Қоғалыкөл ауылының тұрғындары Шәрікүл Найманова мен Гүлшат Маханбетова бұндай шаралардың жиі ұйымдастырылғанын қалайды.

– Бүгінгі қызықты және тартысты шараны ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Бір күндік, бірнеше сағаттық спорттық сайыстардың нәтижесінде балаларымыз бақытқа бөлініп, спортқа қызығушылықтары артты. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылса игі болар еді, – дейді ауыл тұрғындары.


Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы
01 тамыз 2023 ж. 179 0