Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Баян Мақсатқызы айтқан сөздері үшін халықтан кешірім сұрады

Баян Мақсатқызы айтқан сөздері үшін халықтан кешірім сұрады


Баян Мақсатқызы айтқан сөздері үшін халықтан кешірім сұрады
Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасында жария еткен екен. Мұнда Баян ханым өзінің елдегі сот жүйесін қатты сынағаны үшін өкінетінін мәлімдеген. 

"Еліміздің сот жүйесін сөгіп, жамандау қалыпты құбылысқа айналып барады. Таяуда мен де осы "құбылыстың" қатысушысы болдым. Алайда қателесу әр адамға тән құбылыс. Мен де қателестім. Құпия ретінде айтайын, менің қателесуім өзімді қуантты. Себебі әділдіктің жеңісі - ең қымбат сый", - деп жазды ол.

"Жоспарлы қадамдар үшін ел басшылығына алғыс айтамын... Біз бәріміз заңның үстемдік құруына, айналадағыларға және өзімізге адалдыққа және әділеттілікке ұмтылуымыз қажет! Бұрын сот жүйесіне қарай айтылған сөздерім үшін кешірім сұрағым келеді", - дей келіп, қазіргі таңда Фемида қызметкерлеріне көңілі әбден толатынын мәлімдеген.

Дереккөзі:  instagram
09 шілде 2018 ж. 1 412 0