Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Трамп өзінің қалай президент болғанын айтты

Трамп өзінің қалай президент болғанын айтты

АҚШ Президенті Дональд Трамп президенттік сайлау алдында Мәскеумен ешқандай келісімге келмегенін мәлімдеді.
«Ресейдің Америкаға қарсы кампаниясы өз жұмысын 2014 жылы бастады. Бұл менің президенттік сайлауға түсуімнен бұрын болған жағдай. Сайлауға ол кампанияның еш әсері  болған жоқ. Трамптың кампаниясы шалыс баспады, яғни ешкіммен келісім жасасқан жоқ» деп жазды Трамп өзінің Twitter парақшасында.
Біраз уақыт бұрын Ақ үйде Трамп прокурор Роберт Мюллердің зерттеу нәтижесіне көңілі толатынын айтқан болатын. Зерттеу нәтижесі Трамп кампаниясы мен Ресейдің арасында байланыстың жоқ екенін көрсетті.
17 ақпан 2018 ж. 1 225 0