Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "КАНЕЛО" ГОЛОВКИНМЕН ЖҰДЫРЫҚТАСУДАН РЕСМИ ТҮРДЕ БАС ТАРТТЫ

"КАНЕЛО" ГОЛОВКИНМЕН ЖҰДЫРЫҚТАСУДАН РЕСМИ ТҮРДЕ БАС ТАРТТЫ


Сауль "Канело" Альварес Геннадий Головкинмен 5 мамырда жұдырықтасудан ресми түрде бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
  "Өте өкінішті. Жекпе-жекті қазір өткізуге мүмкіндіктің болмай отырғаны үшін өзімді шарасыз сезінемін. Жасыратын дәнеңем де жоқ. Ашық болғым келеді. Бұл жағдайға шын мәнінде таңмын. Халықтың менің адалдығыма күмән келтіргені ауыр соққы болып тиді. Мен әрдайым таза боксшы болдым. Осы сәттен бастап сақтық шараларын бірінші орынға қоямын, себебі бұл жағдай қайталанбауы тиіс", - деп мәлімдеді Альварес.
Сонымен қатар, ол өзінің жеке демеушісі, алда өтеді деген жекпе-жектің демеушісі болған HBO телеарнасынан, журналистерден және кездесуді ұйымдастыруға атсалысқанның барлығынан кешірім сұрады. "Әсіресе жанкүйерлерімнен кешірім сұраймын. Боксты құрметтеймін, мен - таза боксшымын", - дейді мексикалық.
Осылай деген "Канело" алдағы уақытта қазақстандық чемпионмен кездесу ұйымдастыру мүмкіндігін жоққа шығармады. Ол биылғы тамызда немесе қыркүйекте өткізуге үміті барын айтты. Айтуынша, ол допингтен ақталып шыққаннан кейін карьерасында Головкинмен екінші рет жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.
  Головкин болса Twitter желісінде 5 мамырда міндетті түрде жұдырықтасатынын жазды. "Мен өз титулдарымда Лас-Вегаста қорғаймын. Ресми мәлімдеме - таяуда", - делінген хабарламада.
04 сәуір 2018 ж. 861 0