Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Астанада ашылған "Жетісу" саябағына Алматы облысы Шарын шатқалын тарту етті

Астанада ашылған "Жетісу" саябағына Алматы облысы Шарын шатқалын тарту етті


Астанада ашылған "Жетісу" саябағына Алматы облысы "Керуен", "Апорт", "Қоржыннан төгілген алмалар", "Шарын шатқалы" және WI-FI ағашын тарту етті, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын саябақтың ашылуымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады.
"20 жылдықты өткізуге Астанаға барлық облыстар көмектесіп жатыр. Астана - Қазақстанның ортақ туындысы. Мұнда тұруға Қазақстанның барлық өңірлерінен азаматтар келеді. Біз баршамыъ бірге ХХІ ғасырдың ғаламат қаласын құрдық. 20 жылдың ішінде мұндай шаҺар жер бетінің ешбір шетінде салынған емес. Еліміздің төрінде осындай әсем қала бой көтерді", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Осы жерде Ұлттық домбыра күніне орай Алматы облысы өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жиналған жұрт "Сүйінбай сазы" фольклорлық-этнографикалық ансамблі музыканттарының, "Алатау әуендері" бірлестігі солистерінің өнерін тамашалады. 
"Жетісу" саябағы Арай мен Сарайшық көшелерінің қиылысында орналасқан. Ол ландшафтық серуен мен демалу, кіреберіс және орталық аллея, ойын, көлік қою және тамақтану аймақтарынан тұрады.
Демалу аймағында субұрқақтары бар бас аллея, Алматы облысының символы - Апорт алаңы, тауға ұқсас құздар орналастырылған. Аллеяның шетінде алты жапырақтан тұратын "Тәңірі" алаңы бар. Екі жапырақта әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары орналасқан. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ойын аймақтары қарастырылған.Жапырақтардың бірінде Алматы облысының символы - шаған аллеясы бар. Қарама-қарсы жапырақта петроглифтер бейнеленген "Тамғалы тас" мүсіні тұр. Ортадағы жапырақ - Шарын шатқалының көшірмесі. 
Жартастың жанына сахна мен ашық аспан астындағы амфитеатр орналастырылған. Халықтың спорттық белсенділігін арттыру мақсатында жобада түрлі алаңдар қарастырылған. Атап айтқанда, үстел ойындарына арналған жабдықтар, роллердром, қыста да, жазда сырғанақ алаңдары ретінде пайдаланылатын жоталар бар. Саябақты ұзындығы 1200 метрді құрайтын веложол қоршайды. Қыста оны шаңғы жолы ретінде пайдалануға болады.
"Тәңірі" алаңының ортасында WI-FI ағашы орнатылған. Металлдан құрастырылған күн панельдерінде жарықдиодты шамдары, батареялары мен аккумуляторлары бар композиция сымсыз интернет желісіне қосылуға, электронды гаджеттерді қуаттандыруға мүмкіндік береді.
07 шілде 2018 ж. 1 410 0