Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы қазақстандық жас композиторға: Енді сені тыңдайтын боламын

Елбасы қазақстандық жас композиторға: Енді сені тыңдайтын боламын


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жас композитор Рахат-Би Әбдісағинге Моцарттан кейін оның музыкасын тыңдауға уәде берді. Бұл туралы Президент «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.
Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Астанада «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына іріктелген 102 жеңімпазбен кездесті. Оның барысында қазақстандық жас композитор Рахат-Би Әбдісағин өзін таныстырды. Жас өреннің айтуынша, ол 13 жасында - студент, 17 жасында магистрант атанған.
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Мен композитор әрі пианиношымын. Өнер ғылымдарының магистрімін. 13 жасымда - студент, 17 жасымда магистрант атандым. Жақында ғана Римнен келдім. Ол жақта докторантураға түстім. Римдегі академия 16-ғасырда ашылған. Финалдық кезеңге 14 адам келіп, 5 адам ғана оқуға түстік. Ең бастысы -сол академияға түскен ең жас әрі тұңғыш қазақстандық болдым», - деді Рахат-Би Әбдісағин.
Жас композитор 13 жасында шығарған туындысын көпшілік алдында ойнап берді. Елбасы өз кезегінде жас өренге бақ тіледі.
«Мен ұйықтар алдында Моцартты тыңдаймын. Маған оның әуендері ұнайды. Адамды тыныштандырады. Менің ойымша, оған бір ғарыштық рух енген секілді. Мұндай әуен жайдан-жай туа салмайды ғой... Солай ма? Сенің әуенің де сондай. Енді сені тыңдайтын боламын», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Қамшы» сілтейді
01 желтоқсан 2017 ж. 1 961 0