Астанада Домбыра күніне қараған түні 4 сәби дүниеге келді
Астанада 1 шілдеге қараған түнде жаңа туылған сәбилерге арнайы ұлттық аспап – домбыра сыйға берілд, деп хабарлайды Baqkz ақпарат агенттігі қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Бүгін қалалық перинаталды орталықтарында Ұлттық Домбыра күніне орай «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Оның аясында, №1 Перинаталды орталықта бүгін түнгі 00:15 дүниеге келген 4100 келі батыр-ұл балаға казақтың ұлттық аспабы тарту етілді.
Сонымен қатар, №2 Перинаталды орталықта 00:20 сағатта дүние есігін ашқан қыз балаға да алғашқы домбырасы сыйға берілді.
Үшінші қалалық Перинаталды орталықта туылған екі сәбидің аналарына болашақта осы домбырамен күй шертер деп ұлтымыздың қасиетті аспабы сыйға тартылды. Ана-анасын қуантқан бірінші сәби дүниеге түнгі 2-де келді, екінші бала бүгін таңғы таяу туылған.
Айта кетейік, аталмыш акцияның мақсаты - қазақтың ұлттық аспабын - домбыраны насихаттау арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және жандандыру идеясы бойынша қоғамды одан нығайту.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде жаңа мереке, яғни Ұлттық домбыра күні енгізілгенін жариялаған болатын.
Бүгінде елімізде бұрың-соңды болмаған Ұлттық домбыра күні барлық өңірде барынша аталып өтуде.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.
Пікір 2