Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Партия атынан кандидат ұсынылды

Партия атынан кандидат ұсынылды

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының кезектен тыс L (50) конференциясы өтіп, оған Саяси кеңесінің Бюро мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференцияны «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Ержан Әжікенов ашып, күн тәртібімен таныстырды. Филиал төрағасы партияның атқарып жатқан жұмысы мен алдағы мақсат-міндеттер, басым бағыттар туралы да кеңінен айтып өтті.

Өз кезегінде «Тереңөзек» бастауыш партия ұйымынан сайланған делегат, мандат комиссиясының төрағасы Рүстем Байділдаев мандат комиссиясының хабарламасын таныстырып, ол бірауыздан бекітілді.

Мұнан соң Тереңөзек кенті әкіміне үміткерлерді таныстыру үшін сөз «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлына беріліп, ол саяси мәні зор сайлау кезеңдерінің маңыздылығын айта келе, кандидаттарды таныстырды. Сонымен қатар партия әркез лайықты кандидаттарды ұсынып, қолдау білдіретінін атап өтті.

Конференцияда үміткерлер өз өмірбаяндары мен сайлауалды бағдармаларын таныстырды. Ашық дауыс беру нәтижесімен санақ комиссиясының төрайымы Раушан Баймырзақызы таныстырды. Нәтижесінде Бисембаев Нұржан Пермебайұлы делегаттардың басым дауысына ие болып, конференция қаулысы қабылданды. Ендігі кезекте тиісті құжаттар Сырдария аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тіркеуге ұсынылатын болады.
13 қаңтар 2026 ж. 166 0