Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапты шешімдер мен жүйелі реформалар – ел дамуының негізі

Жауапты шешімдер мен жүйелі реформалар – ел дамуының негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдағы даму бағдарын айқындап, қоғам өміріндегі маңызды мәселелерді шешуге бағытталған нақты міндеттерді қамтиды. Жолдаудың мазмұнына зер салсақ, мемлекет дамуының басты өлшемі экономикалық көрсеткіштермен ғана шектелмей, әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартумен сабақтасатынын аңғаруға болады.

Қазіргі кезеңде еліміздің тұрақты дамуы үшін экономиканың барлық саласында тиімділік пен нәтижелілік қағидаттарын орнықтыру маңызды. Өндірісті дамыту, инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту, кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру-экономикалық дербестікті нығайтудың негізгі бағыттары. Сонымен қатар жаңа технологияларды енгізу мен цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану мемлекеттік басқару жүйесінің сапасын арттыруға және түрлі салалардың жұмысын оңтайландыруға жол ашады.

Әлеуметтік саясаттың басты міндеті де халықтың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, азаматтардың әл-ауқатын арттыру болуы тиіс. Сапалы білім беру, қолжетімді медициналық қызмет, тұрғын үй және инфрақұрылым мәселелерін жүйелі шешу қоғамдағы тұрақтылықты нығайтады. Әсіресе өңірлердің әлеуетін арттыруға, ауылдық аумақтарды дамытуға және жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсынуға басымдық беру маңызды. Себебі әрбір өңірдің дамуы-тұтас мемлекеттің өркендеуіне қосылған үлес.

Жолдаудағы маңызды міндеттердің бірі-қоғамда заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Заң үстемдігі сақталған, азаматтардың құқықтары қорғалған және әділдік қағидаттары орныққан мемлекетте ғана тұрақты даму қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта мемлекеттік органдардың ашықтығы мен халық алдындағы есептілігі де айрықша рөл атқарады.

Менің ойымша, Жолдаудың негізгі мәні-елдің болашағын бүгіннен бастап жүйелі жоспарлау және белгіленген міндеттерді нақты нәтижелермен ұштастыру. Әрбір азаматтың өз саласында адал еңбек етіп, ортақ мақсатқа үлес қосуы реформалардың табысты жүзеге асуына ықпал етеді. Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім мен жауапкершілік неғұрлым берік болса, даму жолындағы нәтижелер де соғұрлым баянды болмақ.

Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі табысы-қабылданған шешімдердің сапасына, олардың орындалуына және халық игілігіне қызмет етуіне байланысты. Ортақ мақсатқа жұмылған елдің болашағы да жарқын болады.
24 қараша 2026 ж. 16 0