"Аmanat" партиясының мүшелерімен кездесті
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев "Amanat" партиясы аудандық филиалында партия мүшелерімен кездесті. Кездесуге облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық мәслихат депутаттары мен бастауыш партия ұйымдарының мүшелері қатысты.
Аудан басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен, облыс әкімінің қолдауымен ауданда бірқатар жобалар жүзеге асып жатқанын тілге тиек етті. Атап айтқанда, елді мекендерді газдандыру, электр желілерін жаңғырту, ауыз су құбырларын жаңарту, әлеуметтік нысандардың салынуы, жолдардың жөнделуі секілді ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Бұл жұмыстардың жүзеге асуында облыстық, аудандық мәслихат депутаттары мен партия мүшелері белсенді екенін атады. Алдағы уақытта да ауданды өркендету мақсатында нақты жұмыстар жүргізілмек. Соған орай бірлесе жұмыс атқарыла беретініне сенім білдірді.
Кездесуде облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов ауданда іске асатын жобаларға тиісті қаржының бөлінуіне жан-жақты жұмыстар жүргізе беретінін айтты. Ал "Amanat" партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып филиал тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Айта кетейік, ауданда 3 мыңнан аса партия мүшесі және 24 бастауыш партия ұйымы бар.