Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «AMANAT» партиясы активімен кездесті

«AMANAT» партиясы активімен кездесті

Партияның  облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Сырдария ауданындағы жұмыс сапары барысында партия активімен кездесті.

Жиынға аудан әкімі, облыстық, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, аудандық мәслихаттың, партияның аумақтық филиалының төрағасы, партия ардагерлері, БПҰ жетекшілері мен кент және ауыл әкімдері қатысты.

Актив отырысында аудан басшысы Берік Сәрменбаев партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының орындалуы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай партия активі алдына сайлауалды уәделердің орындалуын қатаң бақылауға алу, қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындардан келіп түсетін өтініштердің оң шешілуіне ықпал ету туралы айтты. Сондай-ақ партиялық жобаларды жүзеге асыру барысында сайлаушылармен жүйелі әрі тиімді жұмыс жүргізу, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын күшейтіп, олардың рөлін арттыру қажеттігіне назар аударды. Партия атынан ұсынылған ауыл әкімдерінің жауапкершілігін күшейтіп, сайлауалды уәделерінің орындалуына жұмыс жасау жөнінде міндеттер қойды.

Өз кезегінде партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекші Ақтөре Ибрагимұлы баяндама жасап, атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Сонымен қатар партия ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Балшекер Өтегенова сөз сөйледі.

Жиында партия қатарына жаңадан қабылданып жатқан азаматтарға партия билеті табысталып, белсенділер Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен марапатталды.


25 желтоқсан 2025 ж. 34 0