Филиал төрағасының сапары

Жұмыс сапары мұнан кейін «Тереңөзек» бастауыш партия ұйымында жалғасты. Мұнда бастауыш партия ұйымының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Осы ретте бастауыш партия ұйымына 160-қа жуық партия мүшесі біріктірілгенін айтып өткеніміз жөн. Бұл күні филиал төрағасы партияның аудандық филиалында партия активінің басын қосып, алдағы міндеттерді саралады. Жиналысты партияның аудандық филиалының төрағасы Ержан Әжікенов ашып, жүргізді. Алмасбек Есмаханов елдегі, өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, партия жобаларын, жоспарларын таныстырды. Басқосуда партия ардагері, ауданның Құрметті азаматы Алма Бақтиярова мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев сөз сөйлеп, байырқалы бастамалардың нәтижелі қорытындылануына тілектестігін білдірді.
Облыстық филиал төрағасы жұмыс сапары аясында «Жалын» сауықтыру лагерінде болып, балалардың қауіпсіздігімен, лагерьдің материалдық-техникалық базасымен танысты. Сонымен қатар Шаған ауылдық округінде болып, партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында елді-мекеннің электр жүйесін жаңғырту жобасының іске асуына мониторинг жүргізді.
Атап өтейік, жалпы құны 1,1 млрд теңге қаржыны құрайтын жобаның бүгінгі күні 99 пайызы толық аяқталып, соңғы жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Энергомер» ЖШС өкілдері жұмысты мерзімінен бұрын аяқтап, тапсыратынын айтты. Мониторинг барысында мердігер мекеме өкілдеріне ел игілігіне бағытталған жұмыстардың сапалы табысталуына мән беру қажеттігі ескертілді.
А.ИБРАГИМҰЛЫ