Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық жобалардың тиімділігін арттыру маңызды

Партиялық жобалардың тиімділігін арттыру маңызды

Партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай аумақтық партия филиалдары атқарушы хатшыларымен бас қосып, жұмысты жетілдіру бағытында ұсыныс –пікірлерімен бөлістіKyzylorda-news.kz 

Жиында филиалдар қызметін бағалау, сайлауалды бағдарлама мен  партиялық жобалардың орындалуы, қоғамдық қабылдауларға азаматтардан келіп түскен өтініштердің оң шешілу динамикасын арттыру, партиялық бақылау мен фракция жұмысын күшейту, жергілікті жерлердегі әлеуметтік мәселелерді мониторингтеу, ұйымішілік тәртіп пен жауапкершілікті арттыру, атқарылған жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде халыққа кеңінен насихаттау мәселелері жан –жақты талқыланып, ұсыныстар ортаға салынды.
 
Төраға партия жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, халықпен күнделікті кері байланыс орнату және көтерілген мәселелердің дер кезінде шешілуін бақылауды басты міндеттердің бірі ретінде атап, көтерілген мәселелер бойынша сапалы  жұмысты жетілдіру бағытында нақты тапсырмалар берді.
23 қараша 2025 ж. 303 0