Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, комиссия мүшелері, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды. «№4 сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл үлгілік базалық бағыты бойынша жыл көлемінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы» бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев баяндады. Екінші мәселе бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы» бекіту туралы мәселе қаралды.
Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы өз сөзінде Мемлекет басшысының қоғам өмірінің барлық саласында адалдық пен әділдікті нығайту жөніндегі тапсырмаларын атап өтіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету – мемлекеттік органдардың басты міндеттерінің бірі екенін айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырмалар беріп, тиісті шараларды қабылдауды міндеттеді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі











