Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері қатысты.
Аудан әкімі сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі екенін атады.
Аудан әкімі сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі екенін атады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру мақсатында Ел Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы» бекітілді. Тұжырымдаманың іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында міндеттер мен индикаторлар белгіленген. Айта кету керек, жұмыстың тиімділігі нақты нәтиже бойынша бағаланады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында бекітілген іс-қимыл жоспарына сәйкес, аудан әкімдігімен біршама шаралар атқарылуда, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Күн тәртібіндегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аудан әкімі аппаратымен жыл көлемінде атқарылған шаралар туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы Рысбек Шайхиев хабарлама жасады. Аппарат басшысы жемқорлыққа жол бермеу мақсатында тиісті заңнама шеңберінде жұмыстар атқарылып жатқанын, түсіндірме және ақпараттандыру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын таныстырды.
Комиссия отырысының қорытындысында аудан басшысы хаттамалық тапсырмаларды жүктеп, олардың сапалы және мерзімінде орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.