Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған комиссияның алғашқы отырысы өтті.

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың маңызды бөлігі болып табылады.
Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қоғамда халықты ағарту, азаматтардың құқықтық санасын ояту, құқықтық сауаттылыққа оқыту, өскелең ұрпақты құқықтық тәрбиелеу арқылы ғана қалыптастыра алатындығымызды түсіну қажет, — деді аудан басшысы.
Комиссия отырысында аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Есенов Бағдат және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Зұлқарнаев Ернар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында атқарылған шаралар мен нәтижелері туралы хабарлама жасады.

Аудан басшысы сапалы талдау мен алдын алу шаралары және мәселелері бойынша тиісті жұмыстардың уақытылы орындалуы бойынша тапсырмалар жүктеді.

Фото: Ашық дереккөзден

29 наурыз 2024 ж. 556 0