Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жылу беру маусымына дайындық жүйелі жүруі керек

Жылу беру маусымына дайындық жүйелі жүруі керек

Бүгін Қызылорда облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жылу беру маусымына дайындық мәселесіне қатысты облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жоламановты қабылдады.

Облыс әкіміне сала басшысы жылыту маусымына дайындық барысы мен коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын баяндады.
Жылыту кезінде отын қорын жеткізу мәселесі өзекті. Аймақта алдағы жылу беру маусымында 1185 әлеуметтік сала нысандарына 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын, ал жергілікті тұрғындарға 163,6 мың тонна көмір отыны қажет. Бүгінде тұрғындарға қажетті 25 мың тонна көмір отыны жеткізілген. Қала және аудан тұрғындары үшін көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында көмір өндіретін кәсіпорындармен тікелей келісім-шарт жасау жұмыстары басталған.

Сала басшысы қазіргі кезде коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары 66%-ға, әлеуметтік сала нысандары мен автономды қазандықтардың жөндеу жұмыстары 81%-ға орындалғанын жеткізді. Сондай-ақ, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көп қабатты тұрғын үйлердің дайындығы бүгінде 70% құрайды.

Айту керек, өңірде жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары да қарқын алды. Мәселен, «Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламаларымен Қызылорда қаласында 14 шақырым жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары іске асырылды.

Қабылдау барысында аймақ басшысы әлеуметтік нысандарға жүргізілетін жылыту жұмыстары бойынша есепті тыңдады. Биыл өңірде 1185 әлеуметтік сала нысандарының жөндеу жұмыстары 81%-ға орындалған. Оның ішінде 432 білім беру нысаны, 312 мәдениет саласының нысаны, 247 денсаулық сақтау нысаны, 460 кіші қазандықтардың жөндеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, облыс бойынша 19 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын газ отынына бейімдеу жұмыстары жоспарланған.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова басқарма басшысына жылыту маусымы кезеңіне дейін қажетті шараларды кезең-кезеңімен іске асырып, жылу жүйелері талапқа сай уақытылы дайын болу керектігін тапсырды. Бұл ретте қысқа дайындық мәселелері облыстық штабтың тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.



19 тамыз 2020 ж. 592 0