Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Тұрғындар қауіпсіздігі басты назарда болуы керек

Тұрғындар қауіпсіздігі басты назарда болуы керек

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев ауа райының қолайсыздығы туындағанда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты техникалардың әзірлігін көрді.

Аудан басшысы тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда болу керек екенін атады. Сондықтан ауа райының қолайсыздығы орын алғанда техникалар сақадай сай болып, жолдар дер кезінде тазартылу керектігін ескертті.

Осы жұмыстарға жауапты мердігер мекеме өкілі Ғ.Маханғалиев бүгінгі күні Тереңөзек кентінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге техникалардың дайын, жолдарға себуге қоймада құм-тұзды қоспа қоры бар екенін жеткізді.

Аудан басшысы жылу маусымына байланысты көмір қоймаларына да арнайы барды. Тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз етуде мәселе туындамау керектігін назарға салды.

Бүгінгі таңда Тереңөзек кентіндегі «Углесбыт» ЖШС-нің қоймасында 100 тонна «Шұбаркөл», 250 тонна «Екібастұз» және «Нұрдаулет» жеке кәсіпкердің қоймасында 270 тонна «Шұбаркөл» көмірі бар.
11 қаңтар 2024 ж. 355 0