Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жол жөндеу жұмыстары сапалы және мерзімінде атқарылуы қажет

Жол жөндеу жұмыстары сапалы және мерзімінде атқарылуы қажет

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылындағы көшелерге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елді мекендерде ең алдымен тұрғындарға қажетті инфрақұрылымдық жұмыстарға басымдық беруді тапсырған болатын. Осыған орай, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен ауданда жол жөндеу, газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, биыл Шаған ауылында 8 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар сапалы және мерзімінде аяқталуы қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Шаған ауылында биыл Ә.Омаров, Ә.Тұйғынов, Қ.Мыханова көшелері жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, Т.Әлжанов, Т.Мұхамеджанов, Р.Оразғалиев, А.Иманов тұйығы, Ж.Бекпанов тұйығы көшелері жөндеуден өткізілуде.


Аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне жол жабындысын талаптарға сай төсеуді, жұмыстарды сапалы атқаруды ескертті. Тиісті салалық орынбасарына тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 қазан 2025 ж. 465 0