«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты республикалық акциясы өткізілуде

Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, тоқтату, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру болып табылады.
«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты республикалық акциясы аясында бөлімнің ЖПҚб-нің УПИ-ры, ЮПт-ы, ӘЗЗҚт-ы күшейтілген жұмыс түріне көшіріліп, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды, ІІО-ның профилактикалық есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру және де аудан бойынша құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдар заңға қайшы іс-әрекеттер жасауға жол бермеу мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.
Егер де Сіз отбасындағы зорлық-зомбылыққа душар болсаңыз үнсіз қалмаңыз!
Сіздер үшін арнайы сенім телефоны тәулік бойы кез-келген нөмірден тегін жұмыс жасайды. Сенім телефоны: «102» арнасы немесе 21-5-43, 8-705-704-90-96.
Сырдария АПб-і ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы