Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу маңызды

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу маңызды

Қоғамда нәзік жандыларға көп зорлық-зомбылық көрсетіліп жатады. Қашанда күш көрсету арқылы әйелдердің мүмкіндігін шектеу бұзақылықтың алдыңғы сатысына кіреді. Осы орайда әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын «әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде. Биылғы 24 қараша мен  10 желтоқсан аралығындағы акция аясында АПБ-нің Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция лейтенанты Н.Байжанов түрлі бағытта кездесулер және іс-шаралар ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы алғанда зорлық - зомбылыққа апаратын факторлардың бірі ішімдікке тәуелділік, отбасындағы ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасының нашарлауы себепкер болады. Әйелдердің зорлық зомбылыққа қарсы тұруы арқылы өзіне зәбір көрсеткен келесі бір адамның қылмысын әшкерелей алады. Менталитетке салып қорлық көрген азаматшалар өз қиыншылықтарын жасырған жағдайда отбасының келесі бір мүшелеріне әсерін тигізеді. Мәселен, зорлық - зомбылықтың куәгері атанған балаларда психикалық ауытқулар жиі орын алады. Өз кезегінде полиция лейтенанты Н.Байжанов тұрмыстық жағдайда орын алған түрлі заң бұзушылықтардың алдын алу маңызды екенін атап, "қорғау нұсқаманы" бұзған азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабына сай құжаттары жинақталып, сотқа жолданғанын айтты. Ол бойынша азамат екі күн қамаққа алынған.  

"ТТ" ақпарат
08 желтоқсан 2021 ж. 716 0