Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
Қадірін біл барында

Қадірін біл барында

03 қыркүйек 2025 ж.
Әке жүрегі

Әке жүрегі

03 қыркүйек 2025 ж.
Жіп иірген  тоқымашы

Жіп иірген тоқымашы

03 қыркүйек 2025 ж.
Қызметіне адал Калила

Қызметіне адал Калила

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «AMANAT»: Бастауыш ұйымдар – партия тірегі

«AMANAT»: Бастауыш ұйымдар – партия тірегі

Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жүйелендіру мақсатында олардың төрағалары және ұйым мүшелерімен бірлесе партиялық жобалар, көшпелі қоғамдық қабылдау жұмыстары ұйымдастырылуда.

«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Төрағасы Ибадулла Құттықожаев пен Атқарушы хатшы Гүлшат Мұсаева «Ана мен бала», «Ақсуат», «Орталық», «Бірлік», «Ақмешіт» бастауыш партия ұйымдарының 2023 жылы атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.

Олардың 2023 жылы атқарған жұмыстарының есебін тыңдап, ағымдағы жылға нақты тапсырмалар беріп, бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыру – басты талап.

«Әр партия мүшесі партияның бастамаларына белсенділік танытып отыруы қажет. Сонымен қатар, еңбегі сіңген азаматтарды дәріптеп, оларға партия атынан жоғарғы марапаттар беруге, қолдауға әрқашан дайынбыз.

Алдағы уақытта бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жетілдіріп, әрбір партия мүшесімен жеке жұмыс жасап, партиялық жобалардың аясын кеңейту қажет»,-деді партияның қалалық филиалының Төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы.

Бүгінде партияның қалалық филиалына қарасты 40 бастауыш партия ұйымдары жұмыс істейді.

Айта кетерлігі, партияның қалалық филиалы тарапынан партиялық жобалар аясында партия мүшелерінің белсенділігін, қоғамдық жұмысқа қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі деңгейдегі бірлескен іс шаралар легі жалғасын таппақ.
09 сәуір 2024 ж. 298 0