Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия қатары жаңа мүшелермен толықты

Партия қатары жаңа мүшелермен толықты

Шілде айындағы мерекелер қарсаңында «AMANAT» партиясының қатары жаңа азаматтармен толығып, арнайы салтанатты қабылдау ұйымдастырылды.

Қабылдауға «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі А.Ибрагимұлы қатысып, партиялық билеттерді табыстады.

– Өздеріңізге белгілі, «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының сенімді саяси тірегі ретінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени дамуына өз үлесін қосуда. «AMANAT» партиясы Парламент пен жергілікті мәслихаттардағы депутаттардың мандаттық үлесі бойынша да көш басында. Бүгінде партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы жүйелі жүзеге асып, жоспарлы жұмыстар сапалы орындалуда. Бұл біздің бірлесе атқарған еңбегіміздің жемісі екені анық. Алдағы уақытта да сайлауалды бағдарлама мен Жол картасындағы жоспарларды, партиялық жобаларды жүзеге асыру бағытында нақты жұмыстар атқарылатын болады. Бүгінде Сырдария ауданы бойынша «AMANAT» партиясының 24 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Әр бастауыш партия ұйымында шамамен 100-150 мүше бар. Бүгін сол бастауыш партия ұйымдарының ұсынысына сәйкес партия мүшелерінің қатары жаңа азаматтармен толықпақ. Құрметті әріптестер, партияластар, сіздерді бірлесе еңбек етуге шақырамын және жұмыс барысында партияның да әлеуетін пайдалануға болатынын назарларыңызға саламын. Түптеп келгенде, партияның да, партиялық жобалардың мақсат-мұраты – елдің игілігіне қызмет ету. Сондықтан сіздер партиямыздың белсендісі ретінде қоғам дамуына атсалысады деп сенемін, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

04 шілде 2025 ж. 350 0