Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының жұмысы оң бағаланды

Партиялық бақылау комиссиясының жұмысы оң бағаланды

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, Сырдария және Шиелі аудандарында атқарылған жұмыстардың қорытындысы тыңдалды.

Жиынға «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партияның облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Сырдария филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек Ембергенов жыл көлемінде атқарылған жұмыстардың есебін берді. Комиссия отырысына «AMANAT» партиясы Сырдария филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы селектрлық режимде қатысты.

– Сырдария аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының жыл көлемінде 5 отырысы өткізіліп, күн тәртібінде 12 мәселе қаралды. Жалпы берілген ұсыныстар саны – 12. Тиісті ұсыныстар өз кезегінде толықтай орындалды. «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Сырдария ауданы бойынша жол картасына жүргізілген талдаулар бойынша 2025 жылға арналған 48 іс-шараның 12 (25%) орындалды, 36 (75%) орындалу үстінде, орындалмау қауіпі бар шаралар жоқ. Сонымен қатар, партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен жыл басынан бері 15 мониторинг жүргізілді. Тұрғындардың қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне және олардың жабдықталуына жоспарлы түрде партиялық мониторинг жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы асханалар жұмысының санитарлық ережелерге, балалар тамағының арнайы бекітілген нормаларға сәйкестігі, тамақтандыру бойынша құжаттардың заңға сай рәсімделуі және басқа да талаптардың орындалуына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бұнымен қоса елді-мекендердің таза ауыз сумен қамтамасыз етілуіне, жаяу жүргіншілер жолы, электр жабдықтау және дәрігерлік амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуіне және «Жалын» сауықтыру лагерінің жазғы тынығу маусымына дайындық барысына мониторинг жұмыстары жүргізілді жүргізілді, – деді Жұмабек Ембергенов.

«AMANAT» партиясы Сырдария филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы мұнан бөлек «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ерекше балаларға арнайы ресурстық орталықтың инклюзивті білім беруге бейімделген сыныптарға және әлеуметтік нысандардың мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруына партиялық бақылау жұмыстары жүргізілгенін айтты. Сондай-ақ мониторинг барысында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарындағы пандус, қызметкерлерді шақыру қоңырауы, мүгедектігі бар жандарға арналған автотұрақ, бағыттаушы тактильді жолақтар, кедергіні ескертетін тактильді плиткалар, брайль әріптерімен жазылған тактильді ақпараттық тақташа, бағыттаушы белгілер, мүгедектерді қабылдайтын орындардың заңдылыққа сәйкес болуы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.

– «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысындағы бұқаралық спортты дамыту, соның ішінде балалардың спорт үйірмелеріне тегін баруға мүмкіндігі және білім, мәдениет салалары бойынша мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуы мен жұмыстардың сапалы жүргізілуі бойынша «АртСпорт» бағдарламасының іске асырылуына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторингтік зерделеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады. Партиялық бақылау комиссиясының отырысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын Сырдария ауданы бойынша Жол картасының орындалуы және «Ауыл Аманаты», «Жер аманаты» партиялық жобаларының іске асырылуы туралы тиісті сала мамандарының есептері тыңдалды. Сырдария ауданы бойынша күні бүгінге дейін партиялық жауапкершілікке тартылған, партиялық сөгістер мен алдын-ала ескертулер алған партия мүшелері жоқ. Бақылау комиссиясы қызметі бойынша әлеуметтік желілерде – 28 материал , БАҚ сайттарында 15 материал жарияланды. Партиялық бақылау комиссия төрағасы ретінде тұрақты түрде жеке қабылдаулар өткіздім. Жыл басынан бері 6 қабылдау өткізіліп, оған 18 өтініш түсті. Өтініштердің басым бөлігі оң шешімін тапты. Партиялық бақылау комиссиясының жұмыстары алдағы уақыттарда да жоспарға сәйкес жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беретін болады, – деп түйіндеді Жұмабек Әшімұлы.

Өз кезегінде Жиынға AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов пен партияның облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы Сырдария ауданында атқарылған жұмыстарды оң бағалап, алдағы уақытта да нақты жұмыстар атқару қажеттігін айтты.

12 маусым 2025 ж. 419 0