Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер белсенділігі артуда

Ардагерлер белсенділігі артуда

Шіркейліде аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, алқа мүшелері, кент, ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары мен Шіркейлі ауылдық округінің әкімі Т.Құламқадіров қатысты.

Алқада алдымен аудандық ардагерлер кеңесі­нің төрағасы М.Келдібаев сөз алып, есеп берді. Биылғы жылдың 3-тоқсанында атқарылған жұмы­сын саралап, алдағы міндеттерге тоқталды. Алқа мүшелерін бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

СоДан соң Шіркейлі, Шаған ауыл­дық кеңесінің бас­тауыш ұйы­мының рөлін арттырудағы жұмысы туралы және атқарылған жұмысы жайлы Қ.Әбілқасымов пен А.Атақаевтың хабарламасы тыңдал­ды.

Шіркейлі ауылдық ардагерлер кеңесінің тө­рағасы Қ.Әбілқасымов өз сөзінде ауылдағы ахуал тұрақты екендігін, ауыл бойынша 243 ардагер есепте тұратынын айтты. Ауылда өтетін іс-шараларға ардагерлер белсенді қатысып, басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүр­гізілетінін, ардагерлерге жағдай жасау мақ­сатында тиісті орындарға ұсыныс берілгенін, орын­­далуы қадағаланып отыратындығын атап көр­сетті. Сонымен қатар ауылға жақын уақытта газ келіп, тұрғындар көгілдір отын игілігін көрсе деген ұсынысын жеткізді.

Шаған ауылдық ардагерлер кеңе­сінің төрағасы А.Атақаев ауылда электр желісі жаңартылып, көше­лерге асфальт төселіп жатқанын, ең бастысы – табиғи отын, газ келгенін айтты. Ауылдағы аурухана күрделі жөндеуден өтіп, жұмыстың сапалы атқарылуына ардагерлер белсенді аралас­қанын атады. Төраға ардагерлерге көр­сетілетін әлеу­меттік көмек туралы айтып, ардагерлер тарапынан айтылған ұсыныстар талданып, ауыл әкімдігіне жолданып, орындалуы бақы­ланатын­дығына тоқталды.

Жарыссөзге Аманкелді ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Құдай­бергенов, «Сырдария» қоғамдық қо­ры­ның төрайымы Н.Керейтбаева, ­ ­Айдарлы ауылдық ардагерлер ке­ңесінің төраға­сы Ә.Бахадүров шығып сөйлеп, есеп берген төра­ғалар­дың жұмысын оң бағалады. Шіркейлі ауылының тұрғыны М.Спанов ауданның дамуына, оның көрсеткішіне көңілі толатынын айтты. Аудан делегациясы құрамында Абай облысына Абай Құнанбайұлының 180 жылдық тойына қатысқандағы оң әсерімен бөлісті. Ұсыныс ретінде жекенің малына 2-3 жерден скважина салып берсе деген пікірін білдірді. «Ардагерлерге қажет бір-ақ нәрсе, ол – құрмет, жағдайын сұрап, сәлем беру, қоғамдық іс-шараларға қатыстыру» деді ардагер.

Мәжілісте бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары Қ.Әбілқасымов, Ж.Айсин, М.Асқаровқа Сырдария ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаевтың Алғыс хаты табысталды.


Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
25 қазан 2025 ж. 71 0