Жартыжылдықты қорытындылады
Апта ағымында аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске алқа мүшелері мен бастауыш ардагерлер ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Алдымен ардагерлер бүгінгі күннің өзекті тақырыбы болған ұрпақ тәрбиесі туралы мәселені талқылады. Жастар арасындағы келеңсіздіктер мен мектеп оқушыларының тәртібінің ақсауы тәрбиенің осалдығынан екендігі айтылды. Көп уақытын әлеуметтік желіде өткізетін ата-аналар балаларының тәрбиесіне немқұрайлы қарап, оның соңы орны толмас өкінішке әкеліп жатқаны – ұлтымызға төнген қасірет. Сондықтан отбасында ең алдымен үлкендер жақсы әңгіме айтып, ең алдымен өзі үлгі болып, ұрпағын жаманнан жирендіріп, жақсыға ұмтылдырудың маңызы зор деген тұжырымға келді.

Дөңгелек үстел аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаевтың биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмысы туралы есебін тыңдаумен жалғасты.
Қазіргі таңда ауданда 4291 ардагер есепте тұрады. Оның ішінде ерлер – 1454, әйелдер – 2837. Ардагерлер түрлі деңгейдегі 74 ұйымға біріктірілген. Бұлардың 15-і кент, ауылдық ардагерлер кеңесі, 18-і оқу орындарында, 8-і денсаулық сақтау саласында, 33-і шаруашылықтар мен мекемелерде құралған бастауыш ұйымдар. Ардагерлердің біреуі Ұлы Отан соғысының ардагері, 156-сы тылда еңбек еткендер, 32-сі ауданның Құрметті азаматтары.
– Аудан ардагерлері бастауыш ұйымдарының жұмысын жандандырып, белсенділігін арттыру, беделін көтеру мақсатында есепті кезеңде ұйым жетекшілерімен тәжірибе алмасу мақсатында түрлі семинар, дөңгелек үстел өткізілді. Ауданның әр саладағы белсенді ардагерлерін марапаттау да назардан тыс қалған емес. Ұлағатты ұстаздар, мәдениет, білім, мемлекеттік сала үздіктеріне «Сырдария ауданының 95 жылдығы» мерекелік медалі тапсырылды. Мереке күндері ардагерлерге сый-құрмет көрсету ұдайы жүргізіледі. Ардагерлер аудандағы ауқымды іс-шараларға қатысады, батасын береді, – деді Мұса Келдібаев.
Алқада Аманкелді ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Құдайбергенов ауыл ардагерлерін мәдени-көпшілік, спорттық іс-шараларға тарту мақсатында атқарылған жұмыстарды хабарлады. Аманкелділік ардагерлер аудан көлемінде, ауылда өтетін спорттық іс-шараларға қатысып, белсенділіктерін танытуда. Әсіресе еңбек ардагері Исабай Жүсіпов ардагерлер арасында бильярдтан, дойбыдан өткен сайыстан жүлдегер атанған.
Аудан ардагерлерінің басын қосқан алқалы жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаевтың есебіне алқа мүшелері жақсы баға берді. Жиында Ақжарма ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы Құдайберген Шыманов пен Іңкәрдария ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіразақ Байманов Алғыс хатпен марапатталды. Соңғы жылдары ардагерлер өз ауылдарында ардагерлермен белсенді жұмысты жандандырып келеді.
«Тт» ақпарат