Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрметпен шығарып салды

Құрметпен шығарып салды

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен актив отырысы өтіп, Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметін атқарып келген азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Шарафадиновты басқа қызметке ауысуына байланысты құрметпен шығарып салды.

– Қанат Шарафадинұлы 2023 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық төтенше жағдайлар бөлімін басқарып, ауданның азаматтық қорғау жүйесінің дамуына зор үлес қосты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасымен елді мекендерде Төтенше жағдайлар бекеттерін ашу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыра білді. Кәсіби шеберлігінің арқасында төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша жүйелі іс-шаралар өткізді. Осындай жауапты қызметті абыроймен атқарғаны үшін Өзімнің және аудан халқы атынан шынайы алғыс білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Жиында Қанат Шарафадиновке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, азаматтық қорғау саласын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін ауданның ең жоғарғы марапаты – «Құрмет грамотасы» табысталды. Актив отырысына қатысушылар азаматтық қорғау подполковнигінің жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 қазан 2025 ж. 39 0