Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Кассациялық сот құру-қоғам талабы

Кассациялық сот құру-қоғам талабы

Соңғы жылдары сот саласы көптеген өзгерістер мен жаңашылдықтарға бет бұруда. Соның бірі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына енгізілген өзгерістерге сай кассациялық соттардың құрылуы.

Кассациялық сот осы жылдың 1 шілдесінен бастап Астана қаласында құрылып үш бағытта, яғни қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді толық қарайды.

Бұл реформа әділетті сот жүйесін күшейтіп, азаматтардың құқықтарын қорғауды жақсартуға бағытталған. Кассациялық соттар сот жүйесінде жаңа деңгей ретінде әрекет етіп, сот актілерін қайта қарауға және заңды қадағалауды күшейтуге жол ашады.

Кассациялық соттардың негізгі міндеті – сот шешімдерінің заңдылығын тексеру. Олар апелляциялық соттардың шешімдерін құқықтық тұрғыдан бағалап, заң талаптарына сай болуын қадағалайды.

Кассациялық соттардың енгізілуі сот шешімдерінің сапасын жақсартуға, заңдардың біркелкі және дұрыс қолданылуына ықпал етеді.

Кассациялық соттардың құрылуы сот жүйесінің ашықтығын, жауапкершілігін және сенімділігін арттырып, Қазақстанның құқықтық жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатады.

Кассациялық соттардың дербестігі азаматтарымыздың сот төрелігіне қол жеткізуіне мол мүмкіндік береді. Ең бастысы халықтың қалауына сай қолға алынған реформа халықтың сотқа деген сенімін нығайта түседі.

Әбдікәрім Нұрхан Есенгелдіұлы 
Сырдария аудандық соты әкімшісінің басшысы 
Фото: Н.Нұржаубай
18 наурыз 2025 ж. 244 0