Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын әрі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. KAZINFORM 

Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас тәжік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланысты нығайтуға Тәжікстан Президентінің қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Тараптар алдағы кездесулердің кестесін қарастырды. 

Фото: Ақорда

05 қазан 2025 ж. 112 0