Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың 2018 жылғы нәтижелерін қорытындылап, Қазақстан мен Ресей арасындағы түрлі бағыттағы байланыстардың оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
Президенттер күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді, соның ішінде Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынастың қазіргі ахуалын талқылады.
Елдер көшбасшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан мен Ресей халықтарына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

29 желтоқсан 2018 ж. 1 194 0