Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Аkorda.kz.

Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салаларда бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру бағытындағы үйлесімді іс-қимылдарын жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.
31 мамыр 2024 ж. 378 0