Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Аkorda.kz.

Душанбе қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Мемлекет басшысы дәстүрлі қонақжайлық көрсеткені және тәжік жерінде зор құрметпен қарсы алғаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты.

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Кездесуде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа баса мән берілді.

Екі ел басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.

Сонымен қатар президенттер өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды. 

Фото: Аkorda.kz
14 қыркүйек 2023 ж. 344 0