Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Елімізде Киберқауіпсіздік орталығы құрылады

Елімізде Киберқауіпсіздік орталығы құрылады

Қазақстанда жылу-электр орталықтары мен жалпы отын-энергетика кешенін киберқауіптен қорғау мақсатында арнайы ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл қадам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру шеңберінде қолға алынып отыр.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун  энергетика саласында цифрландырудың қарқынды дамуына байланысты киберқауіптердің де артып келе жатқанын атап өтті.

Вице-министрдің айтуынша, цифрлық басқару жүйелерін енгізу жылу-электр станцияларының тиімділігін жоғарылатқанымен, олардың сыртқы ықпалдарға осалдығын күшейтеді.

«Энергетика саласының өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан бұл бағытта тек осы жүйелердің құрылымын, қолданылатын жабдықтарды және ықтимал үзілістерді жақсы білетін мамандар жұмыс істеуі тиіс. Дәл осындай білікті мамандар ғана маңызды нысандарға арналған жаңа талаптарды әзірлей алады», деді Дмитрий Мун.

10 қыркүйек 2025 ж. 59 0