Мемлекет басшысы Қазақстанда жаңа министрлік құрылатындығын айтты

«Мен алдымызға өте маңызды стратегиялық міндет қойдым. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Алдымен цирфлық кодексті қабылдауды тездетуіміз керек. Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын», – деді ол.
Президент жаңа министрлікті премьер-министрдің орынбасары деңгейінде тұлға басқаруы керектігін атап өтті.