Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тарифтері арзан». Елімізде жаңа ұялы байланыс операторлары пайда болады

«Тарифтері арзан». Елімізде жаңа ұялы байланыс операторлары пайда болады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда жаңа ұялы байланыс операторлары пайда болатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Асхат Оразбектің айтуынша, «Қолжетімді интернет» жобасы аясында байланыс нарығына жаңа шағын және орта байланыс операторлары шығады.

«Біздің елде «Қазақтелеком» компаниялар тобы атынан доминант және бір тәуелсіз ұялы байланыс операторы – Beeline жұмыс істейді. Қазіргі уақытта «Мобайл Телеком-Сервис» жеке инвесторға сатылады және нарықта үш оператор пайда болады», деді вице-министрі Асхат Оразбек.

Ұялы байланыс операторларының тарифтерін төмендету мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі оларды қажетті инфрақұрылыммен қамтиды. Асхат Оразбек осы ұсыныс есебінен операторлар бағаны төмендетуі керек екенін айтты. Сондай-ақ ол интернет сапасында да айтарлықтай оң өзгеріс болатынын алға тартты.

Фото: life09

02 мамыр 2024 ж. 96 0