Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алты мыңға жуық педагог қаржылық сауаттылығын арттырады

Алты мыңға жуық педагог қаржылық сауаттылығын арттырады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған ауқымды жоба іске қосылды. Бастаманы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық банкі бірлесіп жүзеге асырады, деп жазады Egemen.kz.

Жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен «Өрлеу» тренерлері Ұлттық банктің 100 өңірлік филиалының қызметкерлерін заманауи оқыту әдістеріне үйретеді. Бағдарлама коучинг пен фасилитация, топтық жұмыс, ұлттық қаржы жүйесі, инвестиция және қаржыны басқарудың қазіргі тәсілдерін қамтиды.

Қыркүйектен бастап мектеп пен колледждерде «Жаһандық құзыреттілік» пәнін оқытатын 6 мыңға жуық мұғалім бес күндік курстан өтеді. 2026 жылы тағы шамамен 4 мың педагог қамтылмақ. Бағдарлама ұстаздарға қаржылық мәдениетті оқу үдерісіне енгізуге, ал оқушылар мен студенттерге қаржыны тиімді басқару дағдыларын дарытуға жол ашады.

Бұл жоба қаржы пирамидалары мен алаяқтықтың алдын алып, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. «Өрлеу» мен Ұлттық банктің серіктестігі педагогтердің кәсіби дамуын қолдап, жас ұрпаққа жеке қаржыны сауатты басқаруға қажетті заманауи білім береді.
 
Фото: anatili.kazgazeta.kz

20 тамыз 2025 ж. 459 0