Педагогикалық идеялар фестивалі
Бүгін аудан әкімдігі, аудандық білім бөлімі мен "Өрлеу" біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы" АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейде "Заманауи мектеп: құндылықтар мен өзгерістер" тақырыбында педагогикалық идеялар фестивалі өтті.
Фестиваль жұмысының қорытындысында пленарлық мәжіліс өтіп, мәжіліске аудан әкімі Р.Рүстемов, "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов, институт тренерлері, мектеп директорлары мен мұғалімдер қатысты.
Айта кету керек фестиваль 25-29 қараша күндері ауданның 17 мектебінде жаңартылған бағдарлама бойынша ашық сабақтар, тәжірибелік семинарлар, шеберлік сыныптар, коучингтер, ата-аналармен тренинг ұйымдастырылды. Аудан мектептерінің тәжірибелі мұғалімдері 11 пән бойынша 22 мұғалім ашық сабақ көрсетті. Сонан соң секциялық жұмыстарда 150-ден астам маман қамтылып, сабақты тиімді жоспарлау және талдау тақырыбында тәжірибе алмасты.
Пленарлық мәжілісті ашқан аудан әкімі Р.Рүстемов "Келешекке кемел біліммен" дегендей жаңартылған білім берудің мазмұнына көшкен білім саласының мұғалімдеріне қойылатын талаптың жоғары екендігін, ол үшін аудан педагогтары біліктіліктерін арттыру курстарынан өткендігін тілге тиек етті. Сонан соң институт директоры Б.Елеусінов, институт тренері Ұ.Есмағанбетова, №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей директоры Б.Бақбергенова жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері мен критериалды бағалау жүйесінің маңызы туралы хабарлама жасады.
Мәжілістің соңында фестиваль аясында үздік тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдер арнайы институттың грамотасымен және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Б.ЖАНӘЛІ
Пікір 19