Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздар біліктілік арттырды

Ұстаздар біліктілік арттырды

Кеше аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесе №129 Ә. Жәмішев атындағы мектеп-лицейі базасында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы әдіс-тәсілдер» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді. Семинарға «Өрлеу» БАҰО» оқытушы- тренерлері М.Орманова, Ж.Исаева, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Қ.Қалжанова, Ғ.Бақтияровалар қатысып, сабақ мақсатына жеткізетін тиімді тәсілдерді таңдауға, тәсілдерді бағалауға үйрету жолдарындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында сабақ мақсаттарын қою, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастырудағы белсенді оқу тапсырмаларын орындау, тілдік тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын дамытудың белсенді тәсілдерімен таныстыру, ресурстарды таңдау талаптарына сәйкес жас ерекшеліктерін ескеруді және саралауды түсінуді қамтамасыз ету және инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға жағдай жасау міндеттері бойынша өзекті мәселелер қарастырылды.
Шарада  тіл мамандары К.Қожаріпова тіркесті сөздерге байланысты «Ғарышқа жол жерден басталады», Г. Ержанова Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?», А.Әзбергенова «Жеті модульді тиімді ықпалдастыру-табысты сабақ кепілі» коучинг, А.Райсова Ж.Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңі, Ә.Қараманова Ш.Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңі, кірме сөздерге байланысты Ж.Әзбергенова «Сүйікті іс» тақырыптарында үлгілі сабақтар көрсетсе, Ж.Азаматова А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Дала данышпаны» атты әдеби- сазды кеш өткізді.
 Аталмыш семинар облыстық «Өрлеу» БАҰО» оқытушы- тренерлері тарапынан жоғары бағаланды. Семинар соңында білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша әдіскері Қ.Қалжанова қорытындылап, еліміздің келешегі, рухани жаңғыруы-қазіргі жас буынды оқыту мен тәрбиелеуде өз педагогикалық шеберліктерін көрсете алатын жаңашыл ұстаздарға алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілей отырып, «Алғыс хаттармен» марапаттады.

"ТТ"-ақпарат
20 желтоқсан 2019 ж. 716 0