Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша сертификаттар табысталды

«Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша сертификаттар табысталды

Бесарық ауылында «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша оқыту жұмыстары аяқталды. Осыған орай «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы А.Ибрагимұлы мен «Бесарық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ғ.Муталов жоба қатысушыларына сертификат табыстады.

– Бірер күн бұрынғы ашылуында өздеріңізбен кездескенімде «AMANAT» партиясының«Қарызсыз қоғам» жобасы бүгінде бүкілхалықтық сипат алғанын айтқан едім. Бұл – жобаның халыққа қажеттілігін және дер кезінде ұйымдастырылып жатқанын білдіреді. Жоба бойынша қараша айының өзінде 250-ге жуық тұрғын оқытудан өтіп, қаржылық сауаттылығын арттырды. Осы аптада бұл көрсеткіш артты. Нақтырақ айтқанда, қараша айының 25-і мен 29-ы аралығында Бесарық ауылында ұйымдастырылған курсқа 54 адам қатысты. Оқытуды жүргізген қаржы сарапшысы Балдырған Мәменге алғыс айтамыз. Қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында алған білімдеріңіз игіліктеріңізге жарасын, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Айта кету керек, «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша оқыту сертификаты Бесарық ауылының 54 тұрғынына табысталды. Іс-шарада аудандық мәслихат депутаттары Г.Тілеубергенова мен Д.Ибадуллаева да сөз сөйлеп, тілектестігін білдірді.

30 қараша 2024 ж. 243 0