Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қаржылық сауаттылық мектеп оқушылары үшін арнайы пән ретінде оқытылмақ

Қаржылық сауаттылық мектеп оқушылары үшін арнайы пән ретінде оқытылмақ

Биыл қаржылық сауаттылық негізін мектеп қабырғасынан бастап оқыту жоспарланып отыр. Ол үшін «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында мұғалімдерді қаржылық сауаттылықты оқыту дағдыларына үйретуде. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша берген тапсырмасын жүйелі жүргізуге ықпал етеді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

Бүгін партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова қаржылық сауаттылығын арттырушылармен кездесіп, жобаның тимділігі мен маңыздылығына тоқталды.

Бұл жолы 5 күндік қаржылық сауаттылықты арттыру курсынан қала және аудандық білім бөлімдері мамандары оқытылады. Курсты табысты аяқтаған мамандар мұнан әрі мектеп мұғалімдеріне дәріс береді. Осылайша мектеп бағдарламасына яғни жоғары сынып оқушыларына арналған арнайы қаржылық сауаттылықты арттыру пәнін арнайы дәрістен өткен мұғалімдер жүргізетін болады.

Осылайша «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында өңірдегі 270 мектептің оқуышылары қаржылық сауаттылықты арттыратын болады.
12 тамыз 2024 ж. 399 0