Кәсіподақ ұйымы қызметкерлер мүддесін қорғайды

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына арналған семинарды Қазақстандық оғу-ағарту, ғылым және жоғарғы білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының төрайымы Гүлнар Есқалиева ашып, өткен оқу жылы атқарылған бірқатар жұмысқа тоқталды.
– «Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына» деген халық арасында кеңінен тараған тәмсіл бар. Халық баласын оқытуда қажыр-қайратын аямайтын ұстаздар мүддесін кәсіподақ ұйымы қашанда қорғайды. Мәселен, өткен жылы облыс бойынша білім саласы қызметкерлеріне 1248 құқықтық қызмет көрсетілді. 1695 өтініш қаралып, 386 қоғамдық бақылау жасалды. Осы жылдың І жартыжылдығында межелі жұмыс тиісінше атқарылып келеді. Жаңа оқу жылының алдында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен кездесу арқылы алдағы мақсат-міндетті айқындап алу – жоспардағы жұмыс. Негізінен, біздің өңірде көптеген жұмыс атқарылуда. Айта кету керек, ұстаздардың жалақысы жоғары болғанымен, кітапхана қызметкерлерінің табысы төмен болатын. Бұл мәселені 3 жыл бойы көтеріп, негізгі мақсатымызға қол жеткіздік. Техникалық қызметкерлер жалақысының бірте-бірте көтерілуін байқап келеміз. Республика көлемінде облыс ұстаздарының білім деңгейі жоғары бағаланады. Кәсіподақтар ұйымының 100 жылдығы аясында шығарылған кітаптарда біздің ұстаздардың орасан зор жетістіктері жарияланып отырды. Әлеуметтік әріптестікті нығайта отырып, құқықтық сауаттылықты арттыруда кәсіподақ ұйымы басты бағыттан айнымайды. Білім саласы қызметкерлерін ынталандыру, сауықтыру іс-шарасы ұдайы жүзеге асады. Комитет тарапынан сала ардагерлері де қалыс қалмайды. Бүгінде сауықтыру іс-шарасын ұйымдастыру бағытында «Мерке», «Жұмбақтас», «Жаңақорған», «Манкент», «Сарыағаш», «Біркөлік» шипажайларымен арнайы келіссөз жүргізілген, – деді Гүлнар Бабабекқызы.
Еркін форматта жүзеге асқан семинарда кәсіподақ ұйымына қатысты бірқатар мәселенің түйіні тарқатылды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының кез келген төрағасы қоғамдық негізде жұмыс жасағанымен, тапсырылған жүктемені лайықты орындап отырғаны айтылды. Білім саласы кәсіподақ ұйымдарының төрағалары арнайы оқуға тартылып, кәсіби біліктілік деңгейін арттыру жүргізіледі.
Жиын барысында аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Алмас Есназар жыл көлемінде атқарылған көптеген жұмысты тізбектеді.
– «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында аудандағы білім саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымы еңбек адамын дәріптеуге күш салуда. Қазіргі уақытта аудан бойынша 12 орта, 5 мектеп-лицей, 6 қосымша білім беру ұйымы, 17 мектепке дейінгі даярлықты жүзеге асыратын балабақша, аудандық білім бөлімі, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді. Сырдария аудандық кәсіподақ ұйымында 2801 кәсіподақ мүшесі бар 42 бастауыш мүшелік ұйымды біріктіреді. Білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ ұйымдары бірлесе жұмыс атқарып, аудан мерейін асқақтатуда. Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 2024 оқу жылында 75 білім беру саласында жұмыс жасайтын аз қамтылған отбасы және көпбалалы қызметкерлердің балаларына мектеп құрал-жабдығы табысталды. Жаңа оқу жылында аз қамтылған 85 сала қызметкерлерінің отбасына құрал-жабдық беру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда балаларға қажетті құрал жабдық алынды. Бұдан бөлек, атаулы күндерде сала қызметкерлері мен ұстаздар, ардагерлер назардан қалыс қалмайды. Қызметкерлерімізге қайырымдылық көмек көрсетіліп, азық-түлік себеті таратылып келеді. Білім саласында қажырлы еңбегімен танылған 470 ардагеріміз бар, – деді Алмас Зейноллаұлы.
Расында, білім саласы өзінің ауқымдылығымен қызмет бағытын айқындау арқылы өзгеден ерекшеленіп келеді. Аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподағы комитетінің келтірген мәліметіне сүйенсек, өткен жылы «Жалын» сауықтыру лагерінде 205 бала демалған. Жұмыс жасайтын сала қызметкерлеріне шипажайларда демалуға 40, ардагерлерге 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.
Келелі жиында облыстық кәсіподақ комитеті төрайымының орынбасары Нұргүл Өтегенова «Бастауыш кәсіподақ ұйымының тиімді жұмысы: төрағаның рөлі мен міндеттері», комитет заңгері Хамит Тарбақов «Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік және ұжымдық қатынастар», комитет маманы Асылбек Мамбетов «Кәсіподақтың рөлі әлеуметтік желіде» тақырыбында баяндама жасады.
Бастауыш кәсіподақ төрағалары сала мамандарына бірнеше бағытта сауал жолдады. Мәселен, еңбекақы төлеу, жұмыс өтілін есептеу, зейнеткерлікке шыққан уақытта өтемақы төлеу, отын шығындарына байланысты түйткілді бірнеше мәселе көтерілді.
Балтабай ОРДАБЕКОВБастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына арналған семинарды Қазақстандық оғу-ағарту, ғылым және жоғарғы білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының төрайымы Гүлнар Есқалиева ашып, өткен оқу жылы атқарылған бірқатар жұмысқа тоқталды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ