Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңа төраға сайланды

Жаңа төраға сайланды

Кеше Қызылорда қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық ұйымының ХХІХ есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Конференцияға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова және облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Серік Сермағамбетов қатысты.
Күн тәртібінде Кәсіподақтың Қызылорда облыстық ұйымының Басқару органдарын, Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасын, Облыстық кәсіподақ ұйымының Кеңес құрамын, Атқару комитетінің құрамын, бақылау-тексеру комиссиясын сайлау мәселелері қаралды. Жиын барысында конференцияға 90 делегат сайланды, олардың алдында кәсіподақ төрайымы Райкүл Байназарова облыстық комитеттің 2015-2020 жылдарда атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Одан соң тексеру комиссиясының баяндамасы тыңдалды.
Жиын барысында делегаттардың сайлау нәтижесінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық комитетінің төрайымы болып Гүлнар Есқалиева Бабабекқызы сайланды.
Республикалық салалық білім кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева көп жылдан бері кәсіподақтың облыстық комитетін басқарған Райкүл Байназароваға атқарған жұмыстары мен жетістіктері үшін алғысын білдірді.
30 қаңтар 2020 ж. 814 0