Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Кәсіподақ барысы»

«Кәсіподақ барысы»

Ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және сала қызметкерлерін қазақ күресімен шұғылдануға тарту мақсатында «Кәсіподақ барысы» облыстық іріктеу жарысы өтті. Аталған сайыс қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері арасында салалық кәсіподағының 100 жылдығына арналды.

Палуандар сайысына Қызылорда қаласы және аудандар бойынша 30-ға жуық спортшы ұстаздар қатысты. Облыстық іріктеу жарысы ересектер арасында 90 келіге дейін (70 келіден төмен емес) және 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өткізілді.

«Кәсіподақ барысы» облыстық жарысында аудан намысын қорғаған ұстаздарымыздың қанжығасы майланып, бозкілемде қарсыластарынан бәсі биік түсті. Атап айтар болсақ, 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде №135 мектеп мұғалімі Дулат Бөлебай ІІ орынды жеңіп алды. Ал 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде №135 мектеп директоры Нұрлан Құрманалиев ІІІ орынды қанжығалады.

– Біліммен қатар түрлі саланы алып жүрген сала мамандары қазақ күресінен өткен палуандар сайысында да қатарластарынан оқ бойы озық шығып, аудан намысын асқақтатты. Кәсіподақтың 100 жылдығына орай өткізіліп жатқан іс-шаралар легі осылайша облыстық додамен жалғас тапты. Аудан намысын қорғаған екі ұстазымыз да жеңіс төрінен көрінді. Мәртебеміз артып, спортты жанына серік еткен ұстаздарымызбен мақтанып, марқайып қайттық. Нұрлан – №135 орта мектептің директоры. Басшы болса да, ұлттық спорт түрінен өтетін байқауға арнайы уақыт бөліп, зор ынтамен қатысты. Ал Дулаттың бұрыннан спортқа жақын екенін білеміз. «Кәсіподақ барысы» байқауында топ жарған ұстаздар республикалық кезеңде бақ сынайды. Ауданымыздың спортшы ұстаздарын жеңіспен құттықтап, республикалық кезеңде облыс намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік серік болсын дейміз, – дейді аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Алмас Есназар.

Айта кетейік, жарысқа қатысушыларға Қызылорда облысының білім басқармасының дипломдары және Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағы Қызылорда облыс­тық ұйымының арнайы дайындаған сыйлықтары табысталды.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
01 қазан 2024 ж. 96 0